Танымал блогер оқырмандарына жоспарларын жария етті

Бүгін, 11:39 / Arasha.kz
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Блогер Нико Нет әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Блогердің айтуынша, ол Жаркент қаласына жолға шыққан.

«Сәлем! Біз Жаркент қаласына келдік. Жаркенттен кейін ауылға барамыз. Сондықтан қызықты контент көп болады деп ойлаймын», - деді ол сторисінде.

Кейінірек жариялаған бейнежазбасында Нико Нет күні бойы жарнамалық түсірілімдермен айналысқанын айтып, ертеңгі жоспарын да бөлісті.

«Қайырлы түн! Қазір ғана сторис түсіруге уақыт таптым. Бүгін жарнама бойынша қаланың ішінде жүгірдік. Ертең таңғы 08:00-10:00 аралығында салонға баруым керек. Одан кейін базарға барамын. Базардан халат пен қойдың етін сатып аламын. Өйткені ауылда өзім тамақ пісірейін деп тұрмын», - деді блогер.

Айтуынша, алдағы күндері ауылдағы өмірінен және сапарынан түрлі қызықты видеолар жариялауды жоспарлап отыр.

Тэгтер:

#Блогер #Ника Нет #Жаркент #Ауыл