«Кешірім сұрай салайын деп тұрмын»: Бағдагүл емшінің видеосы желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)

Бүгін, 18:06 / Алуа Әшірбекова
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Бағдагүл есімімен танымал емші тележүргізуші Динара Сәтжан мен продюсер Баян Алагөзоваға қатысты айтқан мәлімдемелерінен кейін сотқа тартылуы мүмкін екенін айтып, көпшілікке жаңа үндеу жасады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Желіде тараған видеода Бағдагүл емші сотқа дейін мәселені ушықтырмау үшін кешірім сұрауға дайын екенін жеткізген.

«Сотталмау үшін Динарадан кешірім сұрай салайын деп тұрмын», - дейді ол видеода.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Пікір қалдырғандардың бір бөлігі емшінің әрекетін сынға алып, алдымен ауыр айыптаулар айтып, кейін кешірім сұрауға көшкенін жазса, енді бірі жағдайдың заң аясында шешілуі тиіс екенін алға тартқан.

Еске салайық, бұған дейін Бағдагүл емші Динара Сәтжан мен Баян Алагөзоваға қатысты даулы пікірлер айтып, олардың ар-намысына тиетін мәлімдемелер жасаған болатын. Осыдан кейін бұл мәселеге байланысты сотқа жүгіну ықтималдығы туралы ақпарат тараған.

Тэгтер:

#Динара Сәтжан #Бағдагүл # Баян Алагөзоваға