Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі

20 шілде, 2026 / Ахмет Қанатұлы
Marccophoto/Getty Images

20 шілдеде Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады. Алматы мен Шымкентте аптап ыстық сақталса, Астанада ауа температурасы салыстырмалы түрде төмен болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматыда күн аздап бұлтты. Күндіз ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріліп, түнде 29 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 4,3 метрге жетеді.

Астанада күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 29 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 18 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы секундына 7,6 метр болады.

Шымкентте күн ашық әрі өте ыстық болады. Күндіз ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріліп, түнде 30 градус шамасында сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 9,3 метрге дейін жетуі мүмкін.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 20 шілде