Талдықорғанда 14 жастағы қыз төрт метрлік құдыққа құлап кетті (ВИДЕО)

20 шілде, 2026 / Ахмет Қанатұлы
instagram.com/zhetysu.police

Талдықорғанда 14 жастағы жасөспірім ашық жатқан терең құдыққа құлап кетті. Оқиға түнгі уақытта болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция мәліметінше, түнгі сағат 00:00 шамасында қыз шамамен төрт метр тереңдіктегі ашық құдыққа түсіп кеткен.

Оқиға орнына патрульдік полиция ротасының қызметкерлері, сондай-ақ "Бүркіт-163" және "Бүркіт-164" экипаждары жедел жеткен.

Тәртіп сақшылары жасөспірімді арқанның көмегімен құдықтан аман-есен шығарып алды. Кейін қыз дәрігерлердің қарауына берілді.

Оқиғадан соң қауіпті құдықты жабу бойынша тиісті шаралар қабылданған. Сонымен қатар жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тэгтер:

Талдықорған