22 шілдеде Қазақстан бойынша телеарналар мен радиолардың жұмысы уақытша тоқтайды

20 шілде, 2026 / Алуа Әшірбекова
Сурет ЖИ арқылы жасалған

22 шілдеде Қазақстан аумағында жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Arasha.kz, Egemen Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Ұлттық оператор «Қазтелерадионың» мәліметінше, 22 шілде күні Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың көрсетілімі уақытша тоқтатылады.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұл жұмыстар болашақта телерадио хабарларын тұрақты әрі сапалы таратуды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

«Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

#Қазақстан аумағында #жоспарлы профилактикалық жұмыстар #қолайсыздықтар #Қазтелерадио #телерадио