Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады: 23 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:07 / Ахмет Қанатұлы
shutterstock.com

23 шілдеде Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда жел күшейеді. Соған қарамастан елдің батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үш мегаполистегі ауа райы

Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы +13…+15, күндіз +23…+25 градус болады.

Алматыда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғып, күндіз екпіні 13 метрге дейін күшейеді. Түнде +18…+20, күндіз +27…+29 градус.

Шымкентте де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі ықтимал. Түнде +19…+21, күндіз +30…+32 градус болады.

Батыста аптап ыстық сақталады

Ақтауда жауын-шашын болмайды. Түнде +22…+24, күндіз +32…+34 градус.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде +16…+18, күндіз +30…+32 градус.

Атырауда ауа температурасы күндіз +36…+38 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде +22…+24 градус.

Оралда да жауын-шашын болмайды. Түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус ыстық болады.

Орталық пен солтүстікте жаңбыр жауады

Жезқазғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17…+19, күндіз +25…+27 градус.

Қарағандыда күн бұлтты, жаңбырлы болады. Түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.

Көкшетауда жаңбыр жауады. Жел секундына 9–14 метр жылдамдықпен соғады. Түнде +14…+16, күндіз +25…+27 градус.

Қостанайда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +16…+18, күндіз +28…+30 градус.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде +14…+16, күндіз +27…+29 градус.

Павлодарда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +14…+16, күндіз +27…+29 градус.

Шығыста найзағай және қатты жел күтіледі

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде +18…+20, күндіз +28…+30 градус.

Семейде де жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +17…+19, күндіз +27…+29 градус.

Оңтүстікте ыстық әрі құбылмалы ауа райы болады

Қонаевта жауын-шашынсыз, түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус болады.

Талдықорғанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +18…+20, күндіз +29…+31 градус.

Таразда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Түнде +18…+20, күндіз +30…+33 градус.

Түркістанда жауын-шашын болмайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +20…+22, күндіз +33…+35 градус.

Қызылордада күн жауын-шашынсыз болады. Түнде +19…+21, күндіз +34…+36 градус ыстық күтіледі.

Синоптиктер жаңбыр мен найзағай болжанған өңірлердің тұрғындарын сақ болуға, ал жел күшейетін аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 23 шілде