КешYOU-дың бұрынғы әншісі Балжан Бидаштың жанындағы жігіт кім? Желі жаңа болжам айтты

Бүгін, 12:33 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

КешYOU тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен оқырмандардың қызығушылығын оятты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі Instagram Stories-те белгісіз жігітпен түскен суретін жариялады. Алайда оның жүзін арыстан эмодзиімен жауып қойған. Жазбаға Балжан олардың кездесуі тағдырдың жазуымен болғанын меңзейтін әсерлі сөздер қалдырған.

Осыдан кейін желі қолданушылары жігіттің кім екенін қызу талқылай бастады. Көпшілік оның актер Санжар Сүлейменов болуы мүмкін деген болжам айтуда.

Мұндай пікірдің тууына суреттегі жігіттің бұйра шашы, киіну мәнері мен сыртқы сұлбасы себеп болған. Санжар Сүлейменов - жас актер, ол көрерменге «Районы» және «Жақсылық» фильмдері арқылы кеңінен танылған.

Әзірге бұл ақпаратқа қатысты Балжан Бидаш та, Санжар Сүлейменов те ресми пікір білдірген жоқ. Сондықтан желіде тараған болжам әзірге расталмаған.

Тэгтер:

#КешYOU #Балжан Бидаш #белгісіз жігітпен #Санжар Сүлейменов #жас актер