Қырғызстанда АИ-95 бензинінің бағасы күрт өсіп кетті

Бүгін, 10:22 / Ахмет Қанатұлы
Kaktus.kg

Қырғызстанда жанармай бағасы тағы қымбаттады. Әсіресе АИ-95 бензинінің құны айтарлықтай өскен. Бішкектегі кейбір жанармай құю бекеттерінде оның бір литрі 109,9 сомға, яғни шамамен 598 теңгеге жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

АИ-95 бағасы небәрі бірнеше күннің ішінде 10-12 сомға немесе шамамен 54-65 теңгеге көтерілген. Үш күн ішіндегі өсім 10,4 пайыз болды.

2026 жылғы 22-23 шілдедегі мәлімет бойынша, Бішкектегі жанармай бағасы мынадай:

Бұған дейін жүргізушілер АИ-95 бензинінің бір литрін 85-98 сом аралығында сатып алып жүрген. Соңғы аптада АИ-92 бағасы да 2-2,3 сомға, ал дизель отыны шамамен 2 сомға қымбаттаған.

АИ-92 бензині мен дизель отыны Қырғызстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына кіреді. Осыған байланысты олардың бағасы мемлекеттік бақылауда қалып отыр.

АИ-95 неге қымбаттады?

2026 жылғы шілде айының басында АИ-95 бензині мемлекеттік баға реттеу тізімінен шығарылған. Баға нарықтық айналымға жіберілгеннен кейін жанармай құны бірден 10-12 сомға көтерілді.

АИ-95-пен қатар АИ-100 маркалы бензин де қымбаттап, бір литрінің бағасы 149,9 сомға жеткен.

Сонымен бірге Бішкек пен Қырғызстанның бірқатар өңірінде АИ-95 бензинінің тапшылығы байқалып отыр. Жүргізушілер кей жанармай құю бекеттерінде бұл марканың мүлде жоқ екенін айтуда. Ал жекелеген бекеттерде тек дизель секілді бір ғана отын түрі сатылып жатыр.

Тэгтер:

Қырғызстан бензин