Семейде алты жасар бала көршісінің көлігін абайсызда өртеп жіберді

Бүгін, 11:36 / Ахмет Қанатұлы
unsplash.com

Семей қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында автокөлік өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт алты жасар баланың сіріңкемен ойнауы салдарынан шыққан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 15 шілде күні болған. Сағат 18:05 шамасында төтенше жағдайлар қызметіне үйдің маңында тұрған көліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Кейін полиция қызметкерлері аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерген.

Кадрлардан өрт басталар алдында көліктің маңында үш кішкентай баланың жүргені анықталған. Балалардың бірі құрғақ шөпке сіріңке жағып, от қойған.

Жалын тез тарап, көлікке жеткен кезде балалар қорқып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Енді өртенген автокөлік иесіне келтірілген материалдық шығынды баланың ата-анасы өтеуге міндетті.

Тэгтер:

Семей көлік