Танымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қатысты алаңдатарлық жағдай болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq_Media-ға сілтеме жасап.
Блогердің айтуынша, өзіне тиесілі дүкеннен шаншылып тұрған ине табылған. Сонымен қатар, үйінің алдына топырақ шашылғанын да байқағанын жеткізді. Ол мұны өзіне жасалған дұғамен байланыстыратынын айтты.
Ырысбала Икрамбай мұндай жағдайлардан кейін денсаулығы сыр беріп, жиі ауыра бастағанын жазды. Сондай-ақ өзіне қастық ойлайтын адамдарды мұндай әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
Бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі блогерге қолдау білдірсе, енді бірі айтылған жайтқа күмәнмен қарап, түрлі пікір қалдыруда. Ал әзірге блогердің мәлімдемесіне қатысты қандай да бір ресми түсініктеме жарияланған жоқ.