«Арамызда 15 жас айырмашылық бар»: Жігер Ауыпбаев жас келіншегімен қалай танысқанын айтып берді

Бүгін, 16:24 / Алуа Әшірбекова
сурет ашық дереккөзден алынған

Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев жақында ғана екінші рет шаңырақ көтерген жас келіншегі Муминемен қалай танысқанын айтып, жас айырмашылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме қалдырып.

Өнер иесі бұл туралы «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

Әншінің сөзінше, ер азамат үшін өмірлік серіктің болуы маңызды. Біраз уақыт жалғыз жүргеннен кейін жан дүниесін түсінетін адамды кездестіруді қалағанын жасырмады.

«Ер-азамат болғаннан кейін бойдағы күшің тасып тұрғанда ұзақ уақыт жалғыз жүруге де болмайды. Ол кезде жалғыздықтан шаршап кеттім. Ер-азаматтың жанында сырласатын, ой қосып отыратын жары болғаны дұрыс. Маған өткен өмірімді қазбаламайтын, тарихымды қабылдайтын адам керек болды», - деді әнші.

Жігер Ауыпбаевтың айтуынша,  жары Муминемен таныспас бұрын Меккеге барып, Құдайдан жар сұраған.

«Одан Меккеге барып, Құдайдан жар сұрадым. Алматыға келгенде Муминемен таныстым. Туған қарындасым таныстырды. Арамызда 15 жас айырмашылық бар. Муминаның жасы - 23-те. Бір жыл сөйлестік. Мені қатты жақсы көреді, құрметтейді, бағалайды, азамат басымды сыйлайды. Үлкен ұлым 15-те, Муминанан сегіз жас кіші», - деді ол.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев жуырда екінші рет отау құрып, жұбайымен бірге түскен суреттерін әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Әншінің жаңа некесі мен жас айырмашылығы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланған еді.

Тэгтер:

#ОТБАСЫ #Жігер Ауыпбаев #болашақ жары #танысу