Шарын шатқалындағы мейрамханалардың шай бағасы желіні шулатты

Бүгін, 18:34 / Алуа Әшірбекова
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Шарын шатқалындағы мейрамханалардың біріндегі баға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Демалуға барған қазақстандық келуші шай мен бауырсаққа төлеген ақшасын айтып, көпшіліктің пікірін екіге бөлді. Бұл туралы  Arasha.kzBairaq Media-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Видео авторының айтуынша, ол үш шәйнек шай мен екі порция бауырсаққа 15 350 теңге төлеген.

Оның пікірінше, мұндай баға Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан ол мейрамхана басшылығын баға саясатын қайта қарауға шақырды.

Желі қолданушылары да бұл мәселеге қатысты түрлі пікір білдіруде. Бірі туристік аймақтардағы қызмет көрсету құны жоғары болатынын айтса, енді бірі қарапайым шай мен бауырсақтың мұндай бағаға сатылуын негізсіз деп бағалаған.

Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланып жатыр.

Тэгтер:

#Шарын шатқалы #шай бағасы #бауырсақ #Қазақстандағы ішкі туризм #туристік аймақ