25 шілдеде Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады. Алматыда өткінші жаңбыр жауса, Астана мен Шымкентте күн ашық болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Алматыда күндіз ауа температурасы 33 градусқа дейін көтеріледі. Түнде 21 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 3,1 метрге жетеді.
Астанада жауын-шашын күтілмейді. Күндіз термометр бағанасы 26 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы 17 градусқа дейін төмендейді. Жел секундына 6,2 метр жылдамдықпен соғады.
Шымкентте аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде 23 градусқа түседі. Желдің жылдамдығы секундына 10,6 метрге дейін жетуі мүмкін.