Тарихи сәт: Қазақтың көк Туы Солтүстік полюсте желбіреді

Бүгін, 10:37 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстанның Мемлекеттік Туы алғаш рет Жер шарының ең солтүстік нүктесі - Солтүстік полюсте желбіреді, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq_Media-ға сілтеме қалдырып.

Қазақстандық саяхатшы әрі тревел-блогер Әділет Рахметолла 90° Солтүстік ендікке дейін жетіп, мұзды мұхиттың дәл ортасында еліміздің Көк Туын көтерді. Ерекше сәт әлемдегі ең ірі атом мұзжарғыш кемелерінің бірі - «50 лет Победы» кемесінің жанында бейнетаспаға түсірілген.

Саяхатшы бұл оқиғаны өз өміріндегі ең үлкен мақтаныштардың бірі деп атап өтті.

«Жердің ең үстіңгі нүктесінде көк Туымызды желбірету - мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақтың Туы әлемнің әр түкпірінде желбірей берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» - деп жазды ол.

Бұл оқиға Қазақстан туының әлемнің ең шалғай нүктелерінің бірінде желбіреген тарихи сәт ретінде есте қалмақ.

Тэгтер:

#Солтүстік полюс #Қазақстанның Мемлекеттік Туы #Саяхатшы