Әлеуметтік желіде әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің бес жасында музыка мектебінде оқып жүрген кезінде түсірілген архивтік суреті жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Көпшілік назарына ұсынылған фотода кішкентай Димаштың қолына микрофон ұстап, сахнада өнер көрсетіп тұрған сәті бейнеленген. Архивтік сурет әншінің жанкүйерлерін ерекше әсерге бөледі.
Желі қолданушылары бала кезінен өнерге жақын болған әншіге жылы лебіздерін білдірді.
«Керемет бала», «Ол сахна үшін туған», «Біз сені жақсы көреміз, Димаш!», «Қандай сүйкімді кішкентай Димаш», - деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген бүгінде Қазақстанды әлемге танытып жүрген танымал әншілердің бірі. Оның шығармашылығын түрлі елдегі миллиондаған тыңдарман қолдайды.