Тоқаев Путиннің шақыруымен Омбыға барады

Бүгін, 15:21 / Алуа Әшірбекова
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні Омбы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Arasha.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі жоспарланған.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы 24 шілдеде Омбыда басталды. Биылғы форумның негізгі тақырыбы - логистика және екі ел арасындағы өңіраралық экономикалық байланысты дамыту.

Форумға екі елдің мемлекеттік органдарының, өңір әкімдіктерінің және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысып, көлік-логистика, сауда және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Тэгтер:

#Ақорда #Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев #Ресей Президенті Владимир Путин #Омбы қаласы