Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айарудың сөзі жұрттың ашуын туғызды

Бүгін, 10:22 / Arasha.kz
Сурет ашық дереккөзден алынған

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның үшінші қызы Айару тағы да әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бірнеше күн бұрын Айарудың әлеуметтік желідегі жазбасы көпшіліктің назарын аударған еді. Ол жазбасында: «Менің қазақша сөйлегенім өзіме ұнайды» деп пікір білдіріп, желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызған болатын.

Алайда бұл жолы оның тікелей эфир кезінде айтқан сөздері көпшіліктің наразылығын тудырды.

Айару эфир барысында өзін сынайтындарға жауап беріп:

«Ваш хейт - мой актив. И люди, которые пишут мне хейт, я уверена, что они с аула. Ничего не добились в этой жизни. А я в 14 лет умею классно танцевать, кататься на коньках, умею классно играть в футбол. Вы такого умеете? Нет. Может быть не физически, но вы ведете себя как с аула. Колхозы, можно сказать», - деді.

Бұл сөздер әлеуметтік желіде кеңінен таралып, қызу талқыланып жатыр.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Айаруды тәрбиесіне қатысты сынға алып, ауыл тұрғындарын кемсіткендей әсер қалдырғанын жазса, енді біреулері оның әлі жас екенін айтып, қатты сынамауға шақырды. Кейбір пікір иелері мұны эмоциямен айтылған сөз деп бағаласа, басқалары көпшілік алдында мұндай пікір айту дұрыс емес екенін алға тартты.

Қазіргі уақытта Айарудың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып, пікірталас әлі де жалғасып жатыр.

Тэгтер:

#Дау #ОТБАСЫ #Тұрсынбек Қабатов #Мөлдір Мұқан #ашуын туғызды