Тоқаев Путинге қандай сыйлық табыстады?

Бүгін, 14:25 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөздерден алынған

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумында символикалық сыйлық тарту етті, деп хабарлайды Arasha.kz, astana_newtimes-қа сілтеме жасап.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Ресей президентіне қазақтың көрнекті ғалымы әрі ағартушысы Шоқан Уәлиханов пен орыс жазушысы Федор Достоевский бейнеленген картинаны сыйлаған.

Бұл сыйлықтың символикалық мәні бар. Себебі Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевский тарихта жақын дос болған. Екеуі алғаш рет Омбы қаласында танысып, кейін ұзақ жылдар бойы хат жазысып, өзара шығармашылық және рухани байланысын сақтаған.

Айта кетейік, дәл осы Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форум аясында екі ел басшылары бірқатар кездесулер өткізіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Тэгтер:

#Қазақстан #Саясат #Ресей #Тоқаев #Путин