Бразилиялық бойжеткен қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақтың келіні атанды

Бүгін, 19:26 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әлеуметтік желіде қазақ жігіті мен Бразилиядан келген қалыңдықтың үйлену тойынан түсірілген бейнежазба көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бейнежазбада ақ көйлек киген бразилиялық қалыңдықтың қазақтың дәстүрлі тойына қатысып, қазақ жігітімен шаңырақ көтерген сәті көрсетілген. Желі қолданушылары түрлі мәдениеттің тоғысқан бұл жұбына ақ тілектерін жаудырып, бақыт пен береке тіледі.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі шетелдік келіннің қазақтың салт-дәстүріне қызығушылық танытуын жоғары бағаласа, енді бірі мұндай халықаралық некелердің көбейіп келе жатқанын атап өтті.

Қазіргі таңда аталған бейне TikTok желісінде қызу талқыланып, мыңдаған қаралым жинап жатыр.

Тэгтер:

#Қазақстан #Той #Құдалық #Қалыңдық #Бразилия