Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Бүгін, 10:46 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

27 шілдеге қараған түні сағат 03:10-да Рысқұлов даңғылы мен Шәріпов көшесінің қиылысында Mercedes-Benz G-Class және Suzuki SX4 автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Апат салдарынан Suzuki автокөлігінің жүргізушісі мен оның бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Suzuki-дің тағы бір жолаушысы мен Mercedes жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

алматы жол апаты қала адам