Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің Түркиядағы отбасылық демалысынан жариялаған суреттері әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq Media-ға сілтеме қалдырып.
Әлеуметтік желіде тараған алғашқы кадрлардан кейін кейбір қолданушылар фотодағы әйелді кәсіпкердің бұрынғы жары Ләйсарамен шатастырған. Алайда көп ұзамай желі қолданушылары оның бұрынғы жұбайы емес, қызы екенін айтып, олардың бір-біріне қатты ұқсайтынын жарыса жазды.
Пікір қалдырушылардың бірі:
«Қызы көшірмесі екен», - десе,
тағы бірі:
«Ләйсараға қатты ұқсайды екен», - деген пікір білдірген.
Желіде жарияланған демалыс кадрларынан Баян Алагөзова, Айсәуле Бақытбекқызы және отбасының өзге мүшелері де бірге демалып жүргені байқалады. Осыған байланысты оқырмандар арасында түрлі пікірлер айтылып, көпшілік отбасының бірге өткізген демалысын қызу талқылауда.