Екібастұзда қоқыс контейнерінен әйелдің бөлшектелген денесі табылды

Бүгін, 11:46 / Алуа Әшірбекова
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Екібастұз қаласында аса ауыр қылмыс тіркелді. Қоқыс контейнерлерінің бірінен бірнеше қапқа салынған әйелдің дене бөліктері табылды, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq Media-ға сілтеме қалдырып. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстың мән-жайын, оқиғаның қалай болғанын және оған не себеп болғанын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

Құзырлы органдар әзірге марқұмның жеке басы мен қылмыстың өзге де мән-жайына қатысты қосымша ақпарат жариялаған жоқ.

Тэгтер:

#Күдікті #Қамауға алынды # қылмыстық іс #Құзырлы органдар #Екібастұз