Бүгін, 27 шілдеде Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа толды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылдың 2 қазанында «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, қазақ және түркі халықтарының арасынан алғаш болып ғарышты бағындырған тұлға атанды.
Ол - Кеңес Одағының Батыры, белгілі сынақшы-ұшқыш әрі Қазақстан авиациясының дамуына зор үлес қосқан азамат.
Мерейтойға орай 1 тамыз күні Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында ұлттық спорт жарыстары мен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Тоқтар Әубәкіровтің есімі Қазақстан тарихында ғана емес, әлемдік ғарыш саласында да ерекше орын алады. Оның ерлігі мен еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді.