Ақтаудағы ЖЭО-2 әлі де «қызыл» аймақта қалды

Бүгін, 14:21 / Алуа Әшірбекова
Сурет Lada.kz архивынан

Ақтаудағы ЖЭО-2 2026-2027 жылғы жылыту маусымы қарсаңында тәуекелі жоғары нысандардың қатарында қалып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Arasha.kzLada.kz-ке сілтеме жасап.

Үкіметтің мәліметінше, қазіргі таңда ерекше бақылауда тұрған бес энергия нысаны бар. Олардың қатарында Семей, Орал және Тараз қалаларындағы жылу электр орталықтары, Ақтаудағы ЖЭО-2, сондай-ақ Теміртаудағы ГРЭС-1 бар. Бұл станциялар әлі де «қызыл» тәуекел аймағына енгізілген.

Билік 2026-2027 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында елдегі электр станцияларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінетінін хабарлады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп. Қаражат станция иелерінің есебінен, электр энергиясының тарифі арқылы қалыптастырылады және әр кәсіпорын жөндеуді ең осал учаскелерден бастайды.

Үкіметтің жоспарына сәйкес, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жыл соңына дейін проблемалы станциялардағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Алайда әзірге Ақтаудағы ЖЭО-2 тәуекелі жоғары нысандар қатарынан шыққан жоқ. 

Тэгтер:

#Ақтау #ЖЭО-2 #жылыту маусымы #Үкімет отырысында #электр орталықтары #Қаражат