Атырауда +42 градусқа дейін ыстық, шығыста найзағай: 28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін, 09:09 / Ахмет Қанатұлы
pexels.com

28 шілдеде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық сақталады. Ал еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей аймақтарда желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 3–8 м/с. Түнгі температура +19…+21°C, күндіз +30…+32°C.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +22…+24°C, күндіз +37…+39°C ыстық болады.

Батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады

Ақтауда жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +25…+27°C, күндіз +37…+39°C.

Ақтөбеде де жаңбыр жаумайды. Түнде +25…+27°C, күндіз +37…+39°C ыстық болады.

Атырауда күндіз ауа температурасы +40…+42°C-қа дейін көтеріледі. Түнде +27…+29°C, жел 9–14 м/с.

Оралда көшпелі бұлты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады

Көкшетауда жаңбыр жауып, желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Павлодарда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел екпіні 15–20 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.

Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–18 м/с болады. Түнде +14…+16°C, күндіз +24…+26°C.

Семейде де жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.

Петропавлда жауын-шашын болмайды, бірақ желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде +19…+21°C, күндіз +30…+32°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Оңтүстік өңірлерде күн 41 градусқа дейін ысиды

Қызылордада күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде +24…+26°C, күндіз +39…+41°C.

Түркістанда да күндіз ауа температурасы +39…+41°C-қа жетеді. Жауын-шашын болмайды, желдің екпіні 15–20 м/с.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +33…+35°C.

Талдықорғанда жаңбыр жаумайды. Түнде +12…+14°C, күндіз +29…+31°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты әрі жауын-шашынсыз болады. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.

Орталық өңірлерде жауын-шашын болмайды

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +15…+17°C, күндіз +28…+30°C.

Жезқазғанда да жаңбыр жаумайды. Жел 9–14 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C болады.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 28 шілде