«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі жеке өміріндегі көңіліне тиген жағдайлар туралы айтып, кейбір адамдардың екіжүзді әрекетіне қынжылатынын жеткізді, , деп хабарлайды Arasha.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Әнші өз жазбасында:
«Артымнан әңгіме айтқан адамдардың, менімен күліп түскен суреті бар», - деп жазған.
Бұл сөздері желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік түрлі пікір білдірді. Бірі Ердос Қанаевтың ойын қолдап, өмірде мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін айтса, енді бірі өсекке мән бермеуге шақырды.
Пікір қалдырушылардың арасында:
«Сенің артыңнан әңгіме айтады дегенге сенбеймін ал. Адамның төресі ғой, Ереке!»;
«Артымнан сөз, мені өсектеу дейтін қатынның сөзі»;
«Адамзаттың асылы пайғамбарларға тіл тигізген, бұл адамзаттан бәрін күтуге болады…»,
- деген пікірлер жазылған.
Ердоc Қанаев бұл жазбасы арқылы көпшілікті достық, сенім және адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы ойландырды.