Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі тағы да кейінге қалуы мүмкін

Бүгін, 09:45 / Алуа Әшірбекова
Сурет: MMA

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жарақаттан кейінгі октагонға оралуы тағы да кейінге шегерілуі ықтимал. Бұл туралы оның емін жүргізіп жатқан дәрігер Михаил Маркуарт мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дәрігердің айтуынша, медициналық штаб әзірге Рахмоновқа 2026 жылдың соңына дейін жекпе-жек өткізуге рұқсат бермеуі мүмкін. Осыған байланысты қазақстандық спортшының UFC-ге қайта оралуы 2027 жылдың көктеміне қалуы ықтимал.

Сонымен қатар нақты мерзім файтердің оңалу барысы мен медициналық тексерулердің нәтижесіне байланысты болатыны айтылды.

Ұзақ уақыт бойы октагонға шықпағандықтан, Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы ресми рейтингінен уақытша шығарылған. Бұл оның тізе жарақатын емдеуіне байланысты қабылданған шешім.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол әлі күнге дейін жеңіліс көрмеген қазақстандық UFC файтері саналады.

Тэгтер:

#Жекпе-жек #Шавкат Рахмонов #UFC