Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы университетті аяқтап, сәулетші мамандығы бойынша диплом алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әдемі бұл қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, оқуын сәтті тәмамдағанын жеткізді.
Тұрсынбек Қабатов қызының шетелде білім алуына қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің кеңесі ықпал еткенін айтты. Оның сөзінше, бір отырыста Тасмағамбетов Әдемінің қайда оқуға түсетінін сұрап, баланы шетелде оқытуға мүмкіндік жасау керектігін айтқан.
"Шыны керек, Иманғали Нұрғалиұлына алғысымды айтқым келеді. Бір отырыста "Әдеміні қайда оқуға түсіріп жатырсыңдар?" деп сұрады. Мен "Қазақстанда оқитын шығар" дедім. Сонда Иманғали аға: "Егер балаларыңды шетелде оқытпасаң, не үшін жұмыс істеп жүрсің, Тұрсынбек? Үй алғаныңа, ішкен-жегеніңе мәз болмаңдар. Қолдарыңнан келсе, балаларыңды шетелде оқытыңдар. Әдеміні шетелге түсір!" деп айтты", – деді ол.