Әбдіжаппар Әлқожаның жұбайы желіде қызу талқыға түсті

Бүгін, 11:15 / Альфия Адамбек
Коллаж: видеодан кадр

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа алғаш рет жұбайымен бірге көпшілік алдына шығып, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі әйелімен бірге әнші Роза Әлқожаның қоныс тойына қатысқан видео желіде тарады. Іс-шара барысында Роза Әлқожа келінінің төрт баланың анасы екенін айтып, оған алтын әшекей тарту етті.

Тойдан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшілік арасында қызу пікірталас тудырды. Кейбір желі қолданушылары әншінің жұбайының сырт келбетіне қатысты түрлі пікір білдіріп, оның жасынан үлкен көрінетінін жазған.

Ал енді бірі мұндай пікірлердің орынсыз екенін айтып, отбасының жеке өміріне құрметпен қарауға шақырды.

Тэгтер:

әнші пікір жазба Әбдіжаппар Әлқожа