Кейбір елдерде діни киім мен сыртқы келбетке қатысты талаптар күшейіп келеді. Соңғы өзгерістерге сәйкес, қара түсті хиджабтар мен араб үлгісіндегі киімдерді киюге және елге әкелуге тыйым салынғаны хабарланды. Сонымен қатар, ер адамдардың сақалына да шектеу енгізілген, деп хабарлайды Arasha.kz, kaznews.kaz-ға сілтеме қалдыра отырып.
Тараған ақпаратқа сәйкес, енді кейбір азаматтардан сақалын қырып жүргенін растау үшін апта сайын фото жіберу талап етілуі мүмкін. Бұл шаралар діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында қабылданғаны айтылған.
Айта кетейік, бұл жаңалық Қазақстанға емес, Тәжікстанға қатысты. Ел билігі мұндай шешімді ұлттық мәдениетті қорғау және шетелдік діни киім үлгілерінің таралуына тосқауыл қою мақсатында қабылдағанын мәлімдеді.