Павлодарда сәбиін арбамен серуендетіп жүрген әйелдің басына үлкен мұз кесегі құлады (ВИДЕО)

Бүгін, 12:31 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Павлодарда көшеде сәбиін арбамен серуендетіп жүрген әйелдің басына көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан үлкен мұз кесегі құлаған. Салдарынан әйел басынан жарақат алып, ауруханада оған тігіс салынған, деп хабарлайды Arasha.kz, Qumash_kz-ке сілтеме қалдырып.

Куәгерлердің айтуынша, мұз кесегін жоғарғы қабаттан кәмелетке толмаған бала лақтырған болуы мүмкін. Оқиға 8 шілде күні болған.

Жәбірленуші оқиға кезінде сәбиімен бірге жүрген. Абырой болғанда, бала зардап шекпеген.

Мәліметке сәйкес, полиция оқиға орнына келгенімен, арада бірнеше апта өтсе де, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тэгтер:

#Аурухана #Павлодар #Полиция #үлкен мұз кесегі #жарақат