Семейде әйелін бейсбол битасымен ұрып өлтірді деген күдікпен күйеуі қамауға алынды

Бүгін, 13:14 / Алуа Әшірбекова
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Семей қаласында 52 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша оның күйеуі қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме қалдырып.

Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әйеліне бейсбол битасымен 28 рет соққы жасаған. Салдарынан әйел алған ауыр жарақаттарынан көз жұмған.

Туыстарының айтуынша, марқұм Айжан Баяхметова ұзақ жылдар бойы отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Олардың сөзінше, күйеуі ішімдікке салынып, әйеліне жиі күш көрсеткен.

Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиғаға ер адамның әйелінің ажырасқысы келгені себеп болуы мүмкін. Тергеу бұл нұсқаны да тексеріп жатыр.

Марқұмның жақындары оның денесін көргенде қолы мен жамбасының сынғанын айтып, болған жағдайдың қатыгездігін жеткізді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Тэгтер:

#қылмыстық іс #Семей қаласында #күйеуі қамауға алынды #бейсбол битасымен # тергеу амалдары