Қазақ эстрадасы қара жамылды

Бүгін, 14:03 / Алуа Әшірбекова
сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақ эстрадасы қара жамылды. Белгілі сазгер Сержан Бақытжан дүниеден өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сержан Бақытжан қазақ тыңдармандарына кеңінен танылған бірқатар әндердің авторы болды. Оның қаламынан туған «Көк аспан», «Қайтадан», «Айыптама», «Қайырлы түн», «Қиын заман» сияқты шығармалар көпшіліктің жүрегінен орын алды.

Сазгердің туындыларын Ninety One, ORDA, Үркер және басқа да қазақстандық өнерпаздар орындап, олардың репертуарынан берік орын тапты.

Әлеуметтік желіде әріптестері мен тыңдармандары марқұмның шығармашылығын еске алып, көңіл айтуда. Оның әндері қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған туындылардың қатарында саналады.

Марқұмның қашан және неден қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Тэгтер:

#Әлеуметтік желі #Қазақ эстрадасы #Белгілі сазгер #дүниеден өтті #ресми ақпарат