17 жастағы Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты (ВИДЕО)

Бүгін, 15:15 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтпаев Англияда өнер көрсететін «Челси» клубы сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Arasha.kz.

17 жастағы шабуылшы Австралияда өтіп жатқан маусымалды турнир аясындағы кездесуде лондондық клубтың негізгі құрамында алаңға шықты. Бұл ойын Сәтпаев үшін «Челси» жейдесіндегі алғашқы ресми матч болды.

Лондондық команда Сиднейде жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы ойнады. Кездесу барысында қазақстандық футболшы мергендігімен көзге түсіп, «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.

Айта кетейік, Сәтпаевтың негізгі құрамдағы дебюті қазақстандық футбол үшін маңызды оқиға ретінде бағалануда. Жас ойыншының өнері жанкүйерлер мен мамандардың ерекше назарында.

Тэгтер:

#Футбол #Дастан Сәтпаев #Қазақстандық жас футболшы #«Челси» клубы