Алматыдағы Aport Mall East сауда орталығында орналасқан Kinopark кинотеатрына мүмкіндігі шектеулі азаматтың арбасымен кіруіне рұқсат берілмеген. Бұл туралы белсенді Богдан Джепка әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz, Stan.kz-ке сілтеме қалдырып.
Белсендінің айтуынша, кинотеатр қызметкерлері залдың мүгедектер арбасына бейімделмегенін айтып, оны ішке кіргізбеген.
Оқиғадан кейін Богдан Джепка Kinopark желісінің өкілдерімен кездескен. Компания болған жағдай үшін кешірім сұрап, мәселені талқылаған.
Белсенді мұндай жағдайда ең бастысы - қателікті мойындап, оны түзету екенін атап өтті.
«Қателікті мойындап, жағдайды өзгерту маңызды», - деді Богдан Джепка.
Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар қоғамдық орындардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуы тиіс екенін айтып, пікір білдіруде.