Жапонияның Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1-ге жеткен күшті жер сілкінісі болды. Табиғи апаттан кейін елдің оңтүстік-батысындағы бірқатар аймаққа цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жапонияның метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісі сейсенбі күні тіркелген.
Қазір мамандар сейсмикалық жағдайды бақылап отыр. Жағалауға жақын орналасқан аудандардың тұрғындарына қауіпсіздік талаптарын сақтап, ресми органдардың хабарламаларын қадағалау ұсынылды.
Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ресми ақпарат түскен жоқ.