Жойқын жер сілкінісі: 13 адам опат болды

Бүгін, 10:07 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Жапонияның Кюсю аралындағы Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан өңірде айтарлықтай қираулар болып, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күшті сілкініс жолдардың бүлінуіне және бірнеше көпірдің зақымдануына себеп болған. Сонымен қатар бірқатар аудандарда өрт шығып, төтенше жағдай қызметтері оларды ауыздықтауға кірісті.

Жер сілкінісі кезінде Aeon Mall сауда орталығының бір бөлігі опырылып түскен. Үйінді астында адамдар қалып қойғаны хабарланып, кейбірінің қаза тапқаны айтылуда. Ондаған зардап шегуші түрлі жарақатпен ауруханаларға жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару қызметтері үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Мамандар үйінділерді аршып, аман қалғандарды іздестіруде. Билік тұрғындарды сақтық шараларын сақтап, афтершок болуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Тэгтер:

апат жапония жер сілкінісі