«Менің көзіммен қара…» Қабатовтың екінші әйелі елді ойландырған жазба жариялады

Бүгін, 11:02 / Алуа Әшірбекова
СуретЖИ арқылы жасалған

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айман әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен бірге түскен суреттерін жариялап, көпшіліктің назарын аударды , деп хабарлайды Arasha.kz,  Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Айман жарияланымында:

«Менің көзіммен қара шынайылық пен сұлулықты. Жақсы адамым», - деп жазған.

Бұл жазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі жұпқа жылы лебізін білдірсе, енді бірі олардың қарым-қатынасына қатысты пікір қалдырған.

Пікірлер арасында:

«Бәсе, түрін көрсетіп қойсайшы», «Екеуі бір-біріне ұқсайды екен», «Тұрсынбек жүнжіп кеткен бе?», «Мәз ғой екеуі», - деген пікірлер жазылған.

Айта кетейік, соңғы уақытта Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі әлеуметтік желілерде жиі талқыланып келеді. Бұл жолы да жұбайының жазбасы оқырмандардың қызығушылығын оятып, қызу пікірталасқа себеп болды.

Тэгтер:

#ОТБАСЫ #Тұрсынбек Қабатов #Айман #жеке өмірі #жақсы адамым