Марқұм Нұрай Серікбайдың анасы сотта көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Бүгін, 11:16 / Альфия Адамбек
Коллаж: Arasha.kz

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот отырысы жалғасып жатыр. Кезекті сот отырысында марқұмның анасы сөз сөйлеп, қызы туралы естеліктерін айта отырып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот залынан видео тарады.  Анасының жан тебірентерлік сөзі қатысушыларға ауыр әсер қалдырған. Ол қызының қазасы отбасы үшін орны толмас қайғы екенін айтып, әділ шешім шығарылатынына үміт білдірді.

Еске салайық, бұған дейін өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы мен марқұмның туыстары айыпталушы Шерхан Аймаханның Нұрай Серікбайға 36 рет пышақ жарақатын салғанын мәлімдеген болатын.

Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға 2025 жылғы 11 қаңтар күні кешке болған. Сол күні Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің маңынан Нұрай Серікбайдың мәйіті табылған.

Қазіргі уақытта іс бойынша сот тергеуі жалғасып жатыр. Алдағы сот отырыстарында куәгерлерден жауап алынып, іс материалдары толық зерттелмек.

Тэгтер:

отбасы Нұрай Серікбай марқұм