Отпен және бумен емдей ме? Желідегі емшінің ерекше рәсімі қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Бүгін, 13:48 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Әлеуметтік желілерде өзін халық емшісі ретінде таныстырған әйелдің ерекше ем-домы көрсетілген видеосы кеңінен тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Arasha.kz, info_aqtobe-ге сілтеме жасап.

Видеода емші адамның бойындағы ауру мен көз тиюді кетіруге арналғанын айтатын ерекше рәсімді көрсетеді. Кадрлардан оның қыздырылған металл затқа тілін тигізіп, кейін аузына сұйықтық алып, оны буымен бірге адамның үстіне бүркіп жатқанын көруге болады.

Бұл видео желі қолданушылары арасында түрлі пікір тудырды. Бірі мұндай халық емінің әсері болуы мүмкін екенін айтса, енді бірі оның қауіпсіздігіне күмән келтіріп, мұндай әдістердің ғылыми тұрғыдан дәлелденбегенін алға тартты.

Қазіргі уақытта аталған ем-дом рәсіміне қатысты ресми органдар немесе медицина мамандары тарапынан түсініктеме берілген жоқ. Ал әлеуметтік желіде видео қызу талқыланып, қолданушылар оның тиімділігі мен қауіпсіздігі жөнінде пікір алмасуды жалғастырып жатыр.

Тэгтер:

#халық емшісі #ерекше ем # ауру мен көз #ерекше рәсім # ресми органдар