«Да Нангтың таксиінде жылап келемін»: Асаубек Айымбетов жан сырын ақтарды

Бүгін, 14:02 / Алуа Әшірбекова
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Қазақстандық блогер әрі қоғам белсендісі Асаубек Айымбетов әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, Вьетнамның Да Нанг қаласында болған сәтте көзіне жас алғанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, жарты сағат бұрын өзге елдің азаматы Қазақстанды «Борат» фильмі арқылы мазақ еткен. Бұған қоса, жуырда қоғамда қызу талқыға түскен Shoqan брендінің даулы жарнамасы да оның жанына батқанын жеткізді.

«Шынымды айтайын, Да Нангтың таксиінде жылап келе жатырмын. Еркек басыммен. Жарты сағат бұрын менің елімді басқа елдің өкілі Борат деп мазақ қылды. Оған қоса елдегі “Shoqan suits” жайы», - деп жазды ол.

Асаубек Айымбетов мұндай сәтте қазақ халқының тарихы, жері үшін жанын қиған батырлар, ашаршылық құрбандары, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш арыстары мен Желтоқсан оқиғасында қаза тапқан азаматтар көз алдына келгенін айтты.

«Көз алдыма жер үшін жанын берген батырларым, ашаршылықта қырылған қазағым, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш ардақтылары, Желтоқсан көтерілісінде қыршын кеткен аға-әпкелерім бірінен соң бірі сырғып өтіп жатыр…», - деді ол.

Желі қолданушылары жазбаның астында пікір қалдырып, автордың ойымен келісетіндерін айтып, ұлттық намыс пен елдің халықаралық беделі туралы өз көзқарастарын білдіруде.

Тэгтер:

#Борат #Асаубек Айымбетов #Shoqan suits #Shoqan бренді