Криштиану Роналду актерлік мансабын бастайды

Бүгін, 15:38 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналду енді кино индустриясында да бағын сынап көрмек, деп хабарлайды Arasha.kz,  Бірінші бол басылымына сілтеме жасап.

Белгілі футболшы Ұлыбритания футболы туралы түсірілетін «Day 1s» драмалық сериалында атқарушы продюсер әрі актер ретінде жұмыс істейді.

Жобада басты рөлді британдық актер Дэмиэн Льюис сомдайды. Сондай-ақ сериалға актер Тьерри Анри, рэпер Дэйв және актриса Карлотта Банат та қатысады.

Түсірілім жұмыстары Англияда басталып кеткен. Жобаны Криштиану Роналду режиссер Мэттью Вонмен бірге өздерінің UR•Marv Studios студиясы арқылы жүзеге асырып жатыр.

Осылайша, әлемге әйгілі футболшы спорттағы жетістіктерінен бөлек, актерлік және продюсерлік салада да жаңа белесті бағындыруға ниетті.

Тэгтер:

#Португалиялық футбол # Криштиану Роналду #кино индустриясы #Day 1s #драмалық сериал