Роналду мен Джорджина он жылға жуық қарым-қатынастан кейін үйленбек

29 шілде, 2026 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес көпшілік күткен қуанышты жаңалықпен бөлісті. Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, жұп тамыз айының басында Португалияның Мадейра аралында шаңырақ көтермек, деп хабарлайды Arasha.kz, ztb_sports-қа сілтеме қалдырып.

Еске салайық, Роналду мен Джорджина өткен жылы ресми түрде сөз байласқанын жариялаған болатын. Сол кезде Джорджина әлеуметтік желіде құны 6 миллион еуродан асатын неке жүзігін алғаш рет көрсеткен еді.

Басылымдардың жазуынша, болашақ жас жұбайлар үйлену тойын жылдың ең айтулы оқиғаларының біріне айналдыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, тойға арналған сыйлықтардың бір бөлігін қайырымдылық мақсатқа аудару ниеттері бар екені айтылуда.
 

Тэгтер:

#жас жұбайлар #Криштиану Роналду #Джорджина Родригес #Португалия #үйлену той