Астана тұрғыны әлеуметтік желіде өзіне Президент саябағы маңында бейтаныс ер адамның тиіскені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz, krispi_astana-ға сілтеме жасап.
Қыздың айтуынша, оқиға 29 шілде күні таңғы сағат 09:00 шамасында Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында болған. Оның сөзінше, шамамен 25-30 жастағы, бойы аласа, азиялық келбетті ер адам артынан келіп, кеудесінен ұстап, денесінің әртүрлі жеріне қол тигізіп, босап шығуына мүмкіндік бермеген.
Жәбірленуші қатты айқайлай бастағаннан кейін күдікті оны жіберіп, Байтұрсынов көшесі бойымен Highvill тұрғын үй кешені бағытына қарай қашып кеткен.
Оқиғадан кейін бойжеткен полицияға арыз жазған. Қазіргі уақытта Астана қаласы Полиция департаментінің ресми түсініктемесі күтілуде.