Айгүл Иманбаева сынға қалды

Бүгін, 10:12 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөздер алынған

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жас қыздарға айтқан пікірімен көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды Arasha.kz, Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Өнер иесі жастарға мамандық пен өмірлік серікті таңдауда асығыс шешім қабылдамауға кеңес берді. Оның айтуынша, қоғамда ерте тұрмыс құрып, кейін өкініп жататын қыздардың саны аз емес.

«Бізде қазақ қоғамында қыз балалар 17-20 жаста тұрмысқа шығып кетіп жатады. Кейін 2 баламен, 5 баламен, 8 бала білмеймін, Құдай-ай ажырасып жатады. Бізде көп жағдайда айтылады, мамандық пен жар таңдаудан қателеспе деп айтады. Онымен кей жерінде келісемін. Жас қыздар сүюдің не екенін, көп нәрсені дұрыс білмейді. Амбициясы мықты қыз бала тұрмысқа шығып, опық жеп жатады. Көп жағдайда солай. Ешкімді үгіттеп жатқан жоқпын. Бұл - менің өз ойым», - деді актриса.

Сонымен қатар, Айгүл Иманбаева жас қыздарды тұрмысқа шығуға асықпауға үндемейтінін, бұл мәселеде әр адамның өз таңдауы мен жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті.

Алайда әншінің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі реакция тудырды. Бірі оның сөзін қолдап, өмірлік тәжірибеге сүйенген пікір деп бағаласа, енді бірі мұндай жалпылама тұжырыммен келіспейтінін айтып, сынға алды.

Тэгтер:

#Әнші #Актриса #Айгүл Иманбаева #Пікірі #қазақ қыздары