Темірлан Анарбеков «Қайратты» еурокубоктың негізгі кезеңіне бір табан жақындатты

Бүгін, 11:27 / Алуа Әшірбекова
Сурет: скриншот

Алматылық «Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алып, кем дегенде еурокубоктың негізгі кезеңдерінің біріне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Матчтың шешуші сәтінде қақпашы Темірлан Анарбеков керемет сейв жасап, командасын голдан аман алып қалды. Дәл осы эпизод «Қайраттың» келесі кезеңге өтуіне және еуромаусымын жалғастыруына мүмкіндік берді.

Бұл нәтиженің арқасында алматылық клуб енді кем дегенде УЕФА Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне қатысуға кепілдік алды. Егер команда Чемпиондар лигасы іріктеуінің келесі сатыларынан өте алмаса, жарысты Еуропа лигасында немесе Конференциялар лигасында жалғастырады.

Осылайша, Темірлан Анарбековтің матч соңындағы тарихи сейві «Қайраттың» биылғы еурокубок жолындағы ең маңызды сәттердің біріне айналды.

Тэгтер:

#Футбол #Темірлан Анарбеков #Қайрат #Еурокубок #Уефа