Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 44 градусқа дейін көтеріледі

Бүгін, 09:30 / Ахмет Қанатұлы
Термометр. Көрнекі фото: Ulrich Baumgarten via Getty Images

31 шілде, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ал оңтүстікте жауын-шашынсыз аптап ыстық сақталып, ауа температурасы кей жерлерде +44 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астана қаласында күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +19…+21 градус, күндіз +35…+37 градусқа жетеді.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +21…+23 градус, күндіз +34…+36 градус болады.

Шымкентте күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетіп, екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +22…+24 градус, күндіз +39…+41 градус ыстық болады.

Ақтауда жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +23…+25 градус, күндіз +28…+30 градус.

Ақтөбеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +30…+32 градус шамасында болады.

Атырауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +19…+21 градус, күндіз +30…+32 градус.

Жезқазғанда жауын-шашын күтілмейді. Түнгі температура +21…+23 градус, күндізгі температура +36…+38 градусқа жетеді.

Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде +16…+18 градус, күндіз +33…+35 градус.

Көкшетауда жауын-шашын болмайды. Түнде +19…+21 градус, күндіз +34…+36 градус ыстық болады.

Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +18…+20 градус, күндіз +35…+37 градус.

Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +20…+22 градус, күндіз +35…+37 градус болады.

Қызылордада күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Түнде +25…+27 градус, күндіз +40…+42 градус аптап ыстық күтіледі.

Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Түнде +18…+20 градус, күндіз +32…+34 градус.

Петропавлда бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен найзағай болжанады. Түнде +19…+21 градус, күндіз +33…+35 градус болады.

Семейде жауын-шашын күтілмейді. Түнде +16…+18 градус, күндіз +31…+33 градус.

Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде ауа температурасы +14…+16 градус, күндіз +34…+36 градусқа көтеріледі.

Таразда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде +18…+20 градус, күндіз +35…+37 градус болады.

Түркістанда күн құбылмалы бұлтты әрі жауын-шашынсыз болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +25…+27 градус, күндіз +42…+44 градус аптап ыстық болжанып отыр.

Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +17…+19 градус, күндіз +25…+27 градус.

Өскеменде де жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде +16…+18 градус, күндіз +30…+32 градус болады.

Синоптиктер тұрғындарға күннің ыстық уақытында далада ұзақ жүрмеуге, жеткілікті мөлшерде су ішуге және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға кеңес береді.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы 31 шілде