Тележүргізуші әрі әнші Аша Матай тележүргізуші Диана Скатованың тойына қатысып, жас жұбайларға ақжарма тілегін арнады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Аша Матай Instagram парақшасында тойдан видео жариялап, Диана Скатова мен оның жары Сұлтанға бақыт тіледі.
«Диана, алтын қыз! Барған жеріңде бағың жанып, абыройың асқақ болсын. Жарың Сұлтанмен қол ұстасып, қуанышты, бақытты ғұмыр кешіңдер! Шаңырақтарыңнан махаббат, күлкі, береке мен жылулық ешқашан кетпесін. Әр күнің бүгінгідей әдемі болсын! Бақытты болыңдар!» - деп жазды Аша Матай.
Айта кетейік, Диана Скатованың қазақы дәстүрмен өткен тойы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұған дейін жас жұбайларға 3 миллион теңге қалыңмал берілгені де көпшіліктің назарын аударған болатын.