Алуа Қонарова: «Orda» мен «Ringo» жігіттерін ауқатты әйелдер аңдыған (ВИДЕО)

Бүгін, 14:17 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Продюсер Алуа Қонарова кезінде танымал болған «Orda» және «Ringo» топтарының өнер көрсеткен жылдарындағы күтпеген жағдайлар туралы айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz, Amantasygan_live-қа сілтеме жасап.

Продюсердің айтуынша, сол кезеңде топ мүшелеріне қызығушылық танытқан адамдардың арасында жасы үлкен, ауқатты әрі ықпалды әйелдер де болған.

«Orda» тобының жігіттерін жасы үлкен, жағдайы жақсы әйелдер аңдитын. Балаларды бірде жасырып, бірде алып кетіп, концерттен кейін қашып кететін кездеріміз болды. Олар өнер көрсететін жердің бәріне келетін.

Алуа Қонарова ер адамдардан келетін қауіп түсінікті болғанымен, кей жағдайда әйелдердің әрекеті әлдеқайда қауіпті болғанын айтты.

«Ер адамдардан қандай да бір күш немесе қауіп күтуге болады. Бірақ кейбір әйелдер одан да қауіпті. Әсіресе, ықпалды, бай, ішкі мәдениеті жоқ, үстіне ішімдік ішкен болса, тіпті қиын болатын», - деді ол.

Продюсердің сөзінше, дәл осындай жағдайлар «Ringo» тобының жігіттерінің де басынан өткен.

«Ringo» жігіттерін де мас күйдегі әйелдерден арашалап қалатынбыз. Олардың арасында мұнай компанияларында жұмыс істейтіндер де, шенеунік әйелдер де болды», - деп еске алды Алуа Қонарова.

Тэгтер:

#Продюсер Алуа Қонарова #Orda #Ringo #ықпалды әйелдер #танымал