Индира Расылхан сиқырдың зардабын тартқанын айтты (ВИДЕО)

Бүгін, 12:22 / Алуа Әшірбекова
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстандық әнші Индира Расылхан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен рухани тақырыптағы жазбасын бөлісіп, бірнеше жылдан бері сиқырдың зардабын тартып жүргенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап, деп хабарлайды Arasha.kz, sn.kz_media-ға сілтеме қалдырып.

Өнер иесінің айтуынша, дәл осындай жағдайға тап болған немесе өзіне сиқыр, көз тию не қызғаныштың әсері бар деп күдіктенетін жандарға «Аятул Күрси» сүресін 300 рет тоқтаусыз оқуға кеңес берді.

«Мен сияқты шаршап, қажып жүргендерге кеңес болсын деп айтып жатырмын. Алланың қалауымен әлсірейді, кейбірі шығып кетеді. Тек ағузубилланқа (шайтанға) жол бермеңіздер. Қолдарыңыздан келеді, мен сенемін. Алла жеңілдігін берсін», - деп жазды әнші.

Соңғы уақытта Индира Расылхан әлеуметтік желіде рухани тақырыптарды жиі қозғап, оқырмандарымен жеке тәжірибесі мен діни ұстанымдары туралы ой бөлісіп келеді. Бұл жолғы жазбасы да көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушыларының арасында қызу талқыланды.

Көптеген оқырман әншіге қолдау білдіріп, жылы лебіздерін қалдырса, кейбірі өздерінің де осындай қиындықтарды бастан өткергенін айтып, пікірлерімен бөлісті.

Тэгтер:

#Қазақстандық әнші #Индира Расылхан